Жаңалықтар

Қазақстанның астығы өзіне жетеді – Смайылов

Қазақстанның астығы өзіне жетеді – Смайылов
Фото: t.me/KZgovernment 06.06.2023 10:51 813

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы егіс жұмыстарының қарқыны жақсы екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның өз астығы өзіне толық жетеді. Қалған ауқымды бөлігін экспортқа да шығарады. Биыл Қазақстан бидайы Қытай Халық Республикасына жеткізіле бастады. Мысалы, ауа райы қолайсыз болып, астық шықпай қалған күннің өзінде біздегі ішкі қажеттілік ең аз жиналатын көлемнен 2 есе төмен екенін айта кету керек. Яғни астықтың көлемі елдегі ішкі сұраныс пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді, - деді премьер-министр.

Смайылов еліміздегі егіс қарқыны жақсы екенін атап өтті. Дегенмен бірнеше мәселеге назар аударуды ұсынды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп фермерлердің агротехнологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етуі тиіс. Облыс әкімдері егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуы керек. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесі мен субсидиялау нормативтерін бекіту керек, - деді Әлихан Смайылов.

Ал ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрағанын айтты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға