Жаңалықтар

Қазақстанның 34 мыңнан астам азаматы банкроттыққа өтініш берді

Қазақстанның 34 мыңнан астам азаматы банкроттыққа өтініш берді
Фото: El.kz 31.03.2023 18:33 2741

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3 наурыздан бастап азаматтардан банкрот деп жариялау бойынша өтініш қабылдау басталды. 31 наурыздағы жағдай бойынша 34 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінен eGov.kz электрондық Үкімет порталы (94%) және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (6%) түсіп жатыр, – деді Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әҚазақстан азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде салық органдары азаматтың мына талаптарға сәйкестігін тексереді:

- банк, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарызы 5,5 млн теңгеден аспауы керек (1600 АЕК);

- қарыздың өтелмегеніне 12 айдан асуы керек;

- ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүлік болмауы керек (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);

- банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыш бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға