Қазақстанның 32 университеті Азиядағы үздік ЖОО тізіміне енді
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі мәлім етті
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
16.11.2022 16:41
1235
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.
«QS Universities Rankings Азиядағы алдыңғы қатарлы университеттердің рейтингінде Қазақстанның 32 университеті Азияның үздік ЖОО тізіміне кірді. Олардың ішінде 2 ЖОО топ-100 университеттің қатарына кірді», - деді вице-министр.
Осы орайда, Қазақстандық платформада тұрақты жұмыс істейтін Орта Азия жоғары білім кеңістігінің бюросы құрылатынын атап өтті.
«Биыл Орта Азияның университеттерінің ректорлары кездесіп, форум өткіздік. Соның нәтижесінде Орта Азия университеттерінің мемлекеттік альянсы құрылды», - деді Қуаныш Ерғалиев.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды