Қазақстанның 21 университеті әлемдік рейтингке енді
![Қазақстанның 21 университеті әлемдік рейтингке енді Қазақстанның 21 университеті әлемдік рейтингке енді](/storage/storage/element/2023/06/28/mainphoto/57111/1200xauto_jmhnWhsnJZXgVXEXGAEmXLqundR44BJNcmPOEGnM.jpg)
QS World University Ranking әлемдегі ең үздік университеттердің мерейтойлық 20-шы рейтингін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның 9 қаласынан 21 жоғары оқу орны жаһандық рейтингке еніп отыр. Іріктеуге әлемнің 2 963 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде 104 елден 1 499-ы үздіктер рейтингіне кірді, сондай-ақ Қазақстанның 21 жоғары білім ошақтары тізімген қосылған. Ал 2022 жылы бұл қатарда еліміздің 16 ЖОО енген еді.
Рейтингтегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда бес есе (+31,25 %) және 2021 жылғы институционалдық рейтингтегі еліміздің университеттер санымен салыстырғанда екі есеге артқан.
Рейтингтің географиясы да кеңейіп, енді оған Қазақстанның 9 қаласынан келген ЖОО-лар қатыса алады. Бұл қазақстандық жоғары білім үшін маңызды жетістік болып отыр. Өткен жылы рейтингте еліміздің алты қаласы ұсынылған болатын.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)