Жаңалықтар

Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: © El.kz 25.12.2023 01:26 989

25 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

25 желтоқсанда Астананың кей жерлерінде тұман күтіледі. Көктайғақ болуы мүмкін.

Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстікте, Абай ауданының орталығында қарлы боран болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 23 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен батысында тұман түсу ықтималдығы жоғары. Көкшетауда түнде жолдарда көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде солтүстікте, облыс орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, күндіз батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды ​​облысының батысында және солтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде батыстан оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында екпіні 18 м/с жел болуы ықтимал. Қарағандыда көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Күндіз облыстың батысында қарлы боран болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында болатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Күндіз оңтүстіктен жел соғады. Облыстың солтүстігіндегі болатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Қызылорданың кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.

25 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батысқа ауысады, күші - 15-20 м/с. Ақтауда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде, күндіз облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Аймақтың басым бөлігіндегі жолдарда көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігі мен батысында соғатн желдің екпіні - 15-20 м/с.

Петропавлда түнде көктайғақ күтіледі. Жолдарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға