Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
![Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды](/storage/storage/element/2023/12/21/mainphoto/81729/1200xauto_SlhVJmjXHjQUUoGbfBVHBP0N5i28JQL5ycsWQwUm.jpg)
Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада және Ақтөбе облысында 21 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында – бұрқасын, көктайғақ.
Батыс Қазақстан облысында – көктайғақ.
Абай облысында – көктайғақ.
Атырау, Қызылорда, Жетісу облыстарында тұман күтіледі.
21 желтоқсанда Ұлытау, Қарағанды облыстарында бұрқасын, көктайғақ, өңірлердің оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, батыстан, облыс орталығында 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте қалың қар жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады.
Түркістан облысында 21-22 желтоқсанда оңтүстікте, орталықта, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі.
Қостанай облысында 21 желтоқсанда түнде басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, күндіз оңтүстік пен шығыста тұман күтіледі.
Жамбыл облысында 21-23 желтоқсанда оңтүстікте, таулы аймақтарда тұман күтіледі.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)