Қазақстаннан Моңғолияға бара жатқан жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Фото: t.me/mchs_04
Фото: t.me/mchs_04
21.07.2024 13:40
715
Алтай Республикасының ТЖМ Telegram-арнасының мәліметінше, Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенгені туралы хабарлама 20 шілдеде таңғы сағат 06:13-те түсті. Автобус Астана - Баян - Углий (Моңғолия) бағытымен жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала, барлығы эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Астана-Петропавл» тас жолында бояу тиелген фура аударылып қалды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды