Жаңалықтар

Қазақстаннан 160 млрд доллар шетелге кетті. Депутат дабыл қақты

Қазақстаннан 160 млрд доллар шетелге кетті. Депутат дабыл қақты
Фото: t.me/mazhilis_kz 12.04.2023 10:34 1265

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыртқы істер министрлігінің өкіліне қазіргі таңдағы Қазақстаннан шетелге заңсыз кеткен капиталды қайтару өте өзекті екенін айтып, бұл жөнінде сауалын жолдады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Депутат әртүрлі есеп бойынша елімізден 30 жылдың ішінде 140-160 миллиард доллар шетелге кеткенін тілге тиек етті.

Неше түрлі ығай мен сығайдың халықтың аузынан жырып алған ырыздығын қайтару өте өзекті. Осыған байланысты сұрақ Еуропа елдері мен осындай шарт жасалған ба? Ол шарттардың негізінде Қазақстанның қаржысын қайтару үшін құқықтық көмекке жүгіне аламыз ба? Егер Еуропа елдері мен тиісті шарттар жасалмаса, онда оларды жасау перспективасы қандай және ол үшін не істеу қажет, – деді Ерлан Саиров.

Бұл тұрғыда сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев бүгінгі таңда еліміз 13 еуропалық мемлекетпен құқықтық көмек көрсету туралы келісім жасасқанын айтты.

Олардың арасында Испания мен Италия, Венгрия, Румыния бар. Соның ішінде 11-і күшіне еніп, 12 елмен осындай келісімдер мен меморандумдар қаралып және пысықталып жатыр. Сыртқы істер министрлігі өз тарапынан келіссөздер ұйымдастыруға және талқылауға барынша көмек көрсететіне дайын, – деді Ермұхамбет Қоныспаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға