Жаңалықтар

Қазақстанға үш айда 7 680 адам қоныс аударған

Қазақстанға үш айда 7 680 адам қоныс аударған
Фото: © Depositphotos 16.05.2023 08:20 818

Қазақстанға көшіп келушілер саны 10,9% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

2023 жылғы қантар-наурызда елге көшіп келгендер саны 7 680 адам, елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87%-ға өсті, ал кетушілер саны 49,6%-ға азайды, - делінген мәліметте.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.

Жалпы, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 832 737 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 259 453, ауыл тұрғындары – 7 573 284 адам.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 93,5 мың бала дүниеге келсе (2021 ж. – 100,4 мың, 2022 ж. – 95,6 мың), оның ішінде 48,4 мыңы – ұл, 45,1 мыңы – қыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға