Жаңалықтар

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.04.2024 18:32 5392

Қазақстанға Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

11 жылғы үзілістен кейін алғаш рет Астанаға бет бұрған Д.Кэмеронның елімізге сапары ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздерден басталды. Бірақ осыдан 11 жыл бұрын Кэмерон Ұлыбританияның премьер-министрі ретінде келген.

Ұлыбритания сыртқы істер министрінің Қазақстанға сапары екі күнге жалғасады. Сапар аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі ел қарым-қатынасының жаңа тарауы ашылады деп күтілуде.

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Сурет: Артем Чурсинов

Айта кетерлігі, екі ел арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім қорытындысын жасау жұмысына шамамен 6 жылдай уақыт кеткен. Жаңа буынның бұл құжаты сауда мен инвестиция, қауіпсіздік, интеллектуалдық меншікті қорғау, энергетика және пайдалы қазбаларды өндіру, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, банк ісі және қаржылық қызметтер, жұмыспен қамту және әлеуметтік саясат, ғылым және білім сынды негізгі салалардағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Сурет: Артем Чурсинов

Сонымен қатар ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесу барысында білім салаларын қамтитын бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады. Оның ішінде Ковентри университетінің филиалын ашу жоспары да бар.

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Сурет: Артем Чурсинов

Дэвид Кэмерон Қазақстаннан кейін Түрікменстан, Өзбекстан және Моңғолияға ат басын бұрады. Ал мұның алдында ол Тәжікстан мен Қырғызстанда болды.

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

 

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді

Суреттер: Артем Чурсинов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға