Жаңалықтар

Қазақстанға Талибандармен ынтымақтастық келісім не үшін керек? Министр жауап берді

Қазақстанға Талибандармен ынтымақтастық келісім не үшін керек? Министр жауап берді
Фото: t.me/KZgovernment 25.04.2023 12:10 971

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанға Талибандармен ынтымақтастық келісім орнатудың не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.

Біріншіден, біз Ауғанстанмен ынтымақтастамыз және екі ел арасында тауар айналымы бар. Қазіргі таңда Ауғанстанмен тауар айналымы миллиард долларға жетті. Бұл Әзірбайжанмен, Түркіменстанмен салыстырғанда көп. Бұл жерде саясат ол – саясат, ал экономика ол – экономика, - деді министр.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын дамыту мақсаты бар. Елімізде бидай, ұн, күнбағыс майын және бұдан да көп туар жеткізудің нақты болашағы бар екенін түсіндірді.

Неліктен біз бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Сайып келгенде, бұл мемлекетіміздің игілігі үшін. Сауда үйін де аштық. Олар өкілді де тағайындады. Ол барлық жұмысты үйлестіреді. Өйткені Ауғанстан үлкен және алуан түрлі. Нарықты зерттеп, инвесторлармен, бизнесмендермен танысу керекпіз, - деді Серік Жұманғарин.

Ауғанстандық кәсіпкерлерді Қазақстанға шақырып, шілде айында бизнес-форум өткізу жоспарланып жатқанын айтты.

Олар Қазақстанды көріп, біздің мүмкіндіктерімізбен танысуы үшін форум өткізгім келеді. Соңғы рет біз таза өніммен айналысатындарды ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да Ауғанстанға жеткізген болатынбыз. Өйткені олар жер қойнауын пайдалану жағынан айтарлықтай бай ел. Олар да қызығушылық танытып отыр, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға