Жаңалықтар

Қазақстанға ресми сапармен ЕҚЫҰ төрағасы келеді

Қазақстанға ресми сапармен ЕҚЫҰ төрағасы келеді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 07.08.2023 23:30 1009

Сыртқы істер министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапары туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 11 тамызда Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Сапар аясында Б.Османидің ел басшылығымен, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменовамен кездесулері жоспарлануда.

Келіссөздер барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, сондай-ақ еліміз бен Солтүстік Македония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасу өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға