Қазақстанға құны 1,6 млрд теңгеден астам темекі өнімдерін заңсыз кіргізбек болған

Фото: Видеодан алынған кадр / ҚМА
Фото: Видеодан алынған кадр / ҚМА
10.08.2023 10:05
1076
ҚМА Қырғызстаннан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттенгендер ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір бұл істі ҚМА-ның Жамбыл облыстық департаменті тергеп жатыр. Мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша, акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шарасы, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады, - делінген мәліметте.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Бөлісу:
