Жаңалықтар

Қазақстанға Нидерландтан ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема әкелінген

Қазақстанға Нидерландтан ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема әкелінген
Фото: ҚР АШМ 19.10.2024 17:40 486

ҚР АШМ ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантеманы Нидерландқа қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, 159 400 гүл Нидерландтан әкелінген.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша МИК аумақтық инспекциясының карантин инспекторы хризантема көшеттерінде карантинге жататын өнімге мемлекеттік карантинге жататын фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында «ақ тот жұқтырған хризантема» (Puccinia horiana) карантинге жататын объектісі анықталды. Инспектор алған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді. Сараптама нәтижелері анықталған объект қауіпті карантинге жататын объект екенін растады. Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды, - делінген мәліметте.

Карантинге жататын объект енуі мен таралуының алдын алу мақсатында гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға