Жаңалықтар

Қазақстанға контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азамат ұсталды

Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды
Қазақстанға контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азамат ұсталды
Фото: pixabay.com 26.10.2022 11:01 1554

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында Ыстанбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азаматты ұстады. Бұл туралы El.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген.

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға