Заң мен тәртіп: Қазақстанға келген туристерге QR-коды бар арнайы карточка беріледі
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
05.02.2025 09:37
136
Қазақстанға келетін туристерге қауіпсіздік ережесі туралы карточка таратыла бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі.
Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаны жүктеуге арналған сілтеме көрсетілген, - делінген мәліметте.
Ішкі істер министрлігі алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырылып жатқанын алға тартты.
SafeTravel.kz-те:
- 102 мобильді қосымшасы, оның ішінде SOS функциясы;
- Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;
- Қосымша, сілтеме мен қала картасы;
- Ресми такси мен онлайн-қызмет тізімі;
- Байланыс операторлары мен ресми сайтына сілтеме;
- Түрлі оқиға бойынша әрекет ету алгоритмі;
- Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтің байланыс нөмірі қолжетімді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қайтарылған актив: Ұлытау облысында мектеп салынады