Жаңалықтар

Қазақстанға келетін туристердің басым бөлігі қай елдерден екені анықталды

Қазақстанға келетін туристердің басым бөлігі қай елдерден екені анықталды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 26.05.2024 19:40 536

Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Алқалы жиында туризм саласындағы әріптестікті одан әрі дамытудың маңызды мәселелері қаралды.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өз сөзінде туристік сала ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыты екенін атап өтті.

Туризм – ел экономикасының дамуына, жұмыс орындарынан бастап экономиканың негізгі салаларындағы маңызды инвестициялық жобаларға дейін айтарлықтай әсер етеді. Қазақстан Еуразия жүрегінде, ежелгі жаһандану, көлік артериясы қиылысында орналасқандықтан, көлік инфрақұрылымын дамыту қаншалықты маңызды екенін өте жақсы түсінеді, - деді Ермек Маржықпаев.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда 114 әуе бағыты бойынша 28 елмен аптасына 560 тұрақты рейс ұйымдастырылады. Оның ішінде 245 рейс ұйым мүшелері арасында жүйелі түрде орындалады. Осы көрсеткішті жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Ауа еркіндігінің» 5-ші дәрежесінің арқасында IndiGo, FlyNas, AirAsia X сияқты шетелдік әуекомпанияларының ұшақтары жиілігі мен түрлері бойынша Қазақстанның бірқатар әуежайына шектеусіз ұшуды орындау құқығына ие болды.

Сондай-ақ жиын барысында туризм және спорт министрі адами капиталды дамыту мәселесін көтерді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің әрқайсысы туризм саласында мол тәжірибеге ие. Осыған байланысты Ермек Маржықпаев ұйым елдерінің туризм университеті студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру туралы ұсыныс білдірді.

Сонымен қатар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында «ШЫҰ туристік және мәдени астанасы» жобасы табысты жүзеге асырылуда. Ведомство басшысының айтуынша, Алматы ұйымның «туристік және мәдени астанасы» мәртебені келесі қалаға беруге және Қытай Халық Республикасының Циндао қаласының осы мәртебені алу кандидатурасын қолдауға дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға