Жаңалықтар

Қазақстанға ауыспақ болған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қатысты дау туындады

Қазақстанға ауыспақ болған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қатысты дау туындады
Фото: figure-skaters/©Дмитрий ЧЕЛЯПИН 26.08.2023 22:38 939

Ресейдің Конькимен сырғанау федерациясының бас директоры Александр Коган «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Қазақстан мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның ауысуына қатысты сұрау жібермегенін айтты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ресейлік спортшы Самоделкина Қазақстан азаматтығын жалпы тәртіппен алғанын мәлімдеген болатын.

- Самоделкинаның ауысу процесі тоқтатылды ма?
- Ол үшін кем дегенде Қазақстан федерациясы сұрау жіберуі керек, - деді Коган.

Самоделкина 16 жаста, ол Ресей Гран‑приі кезеңдерінің жеңімпазы және жүлдегері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға