Қазақстанға 210 мың доза Pfizer вакцинасы жеткізілді
Фото: vaktsineeri.ee
Фото: vaktsineeri.ee
02.12.2022 16:30
961
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы елімізге Pfizer вакцинасының 210 мың дозасы жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Словакиядан гуманитарлық көмек алдық. Екпе алғысы келетіндердің барлығы вакцина салдыра алады. 210 мың доза Pfizer бар. Көбіне адамдар ревакцинацияны бір дозамен салдырады», - деді А. Ғиният Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, қазір елімізде вакцинаның үш түрі бар. Осы орайда QazVac, Sinopharm және Pfizer-дің 700 дозасы бар.
«Екпе салу жүріп жатыр. Тәулік сайын 2-3 мың адам ревакцинацияға келіп жатыр», - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте ерекше балаларға арналған орталық ашылады
Келесі жаңалық
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді