Жаңалықтар

Қазақстанға 1991 жылдан бері 1 млннан аса этникалық қазақ оралды

Қазақстанға 1991 жылдан бері 1 млннан аса этникалық қазақ оралды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.10.2023 09:56 672

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,2 мың этникалық қазақ оралды. Ал, 2023 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 026 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,6%) Өзбекстаннан, 19,6% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан, 7,8% – Ресейден, 5,9% – Түрікменстаннан және 2,2% басқа елдерден келген.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Оның ішінде, Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстандырылды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде көмек көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға