Жаңалықтар

Қазақстанға 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдері заңсыз кіргізілмек болған

Қазақстанға 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдері заңсыз кіргізілмек болған
Фото: ҚР ҰҚК 27.03.2024 17:18 14148

Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүк тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҰҚК мәліметінше, 2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады. 

Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға