Жаңалықтар

Қазақстандықтарға салынған айыппұл көлемі 300 млрд теңгеден асты

Қазақстандықтарға салынған айыппұл көлемі 300 млрд теңгеден асты
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 20.01.2025 17:50 188

Қазақстанда 2024 жылы азаматтарға салынған жалпы әкімшілік айыппұл мөлшері алғаш рет 300 млрд теңгеден асып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қоғам белсендісі Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол сөзіне дәлел ретінде Qamqor.gov.kz порталындағы мәліметті келтірген. Соған сәйкес былтыр қазақстандықтарға жалпы сомасы 304 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған. Оның 190 млрд теңгесі төленген. 

Қазақстандықтарға салынған айыппұл көлемі 300 млрд теңгеден асты

Фото: facebook.com/saintdid

2023 жылы жалпы салынған әкімшілік айыппұл мөлшері 185 млрд теңгені құраған. Ал 2022 жылы 159 млрд теңге болған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға