Жаңалықтар

«Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден аударылады». Министрлік ақпаратты жоққа шығарды

«Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден аударылады». Министрлік ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Pixabay.com 17.09.2024 20:41 513

ЕХӘҚМ 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, - делінген мәліметте.

Министрлік мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатындығын еске салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға