Жаңалықтар

Қазақстандықтардың жеке шотында қанша триллион теңге бары белгілі болды

Қазақстандықтардың жеке шотында қанша триллион теңге бары белгілі болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.01.2024 11:19 983

Қазақстандықтардың жеке шотында алты триллион теңге бар, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, ел азаматтарының бұдан басқа да есепшоттарында тағы 18,2 триллион теңге жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Өткен жылдың 11 айында елдегі қолма-қол ақшасыз төлем айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 26,5 пайызға өскен. Сондай-ақ, банк картасынан қолма-қол ақшаны шешіп алу үлесі 17,6 пайыздан 14,1 пайызға дейін төмендеген.

Тұрғындар төлемді көбіне интернет және мобильді банкинг арқылы жасайды. Мәселен, күн сайын отандастарымыз цифрлық банкинг арқылы 331 миллиард теңгеден астам сомаға 23,5 миллионнан астам транзакцияны жүзеге асырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға