Жаңалықтар

Қазақстандықтардың жеке деректері Қытай үкіметінің қолына түскен

Қазақстандықтардың жеке деректері Қытай үкіметінің қолына түскен
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Kandinsky 20.02.2024 17:20 3060

Цифрландыру министрлігі Қытай үкіметінің құжаттарының ұрлануы туралы ақпаратты талдауға уәде берді,  Белгілі болғандай таралып кеткен ақпараттардың ішінде қазақстандықтардың деректері табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Cybernews жазғандай, жарияланған құжаттарда қытайлық I-Soon компаниясы әзірлеген тыңшылық бағдарлама туралы айтылған. Зерттеушілер операцияларды Қытай үкіметі қаржыландырады деп күдіктенеді.

Белгісіз адамдар GitHub сайтында (IT жобаларын орналастыруға арналған веб-сервис) көптеген құжаттарды жариялады. Ол құжаттарда Қытайдың шпиондық бағдарламаны пайдаланып кибероперацияларды қалай жүргізетінін көрсетілген. Кейбір бағдарламаларда пайдаланушының Twitter электрондық поштасын және телефон нөмірін алуға, белгілі бір уақытта аккаунтын бақылап, олардың атынан твиттер жариялауға болатын мүмкіндіктер бар. Бұған қоса, шпиондық бағдарлама Android және iOS құрылғыларына шабуыл жасауға қабілетті, - дейді тайвандық зерттеуші Азака Секай.

Бұл ретте бірнеше қазақстандық байланыс операторларының – Beeline мен Tele2-нің деректер базасы әшкере болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпаратқа түсініктеме берді.

Интернетте жеке деректердің сыртқа шығуына қатысты ақпараттың таралуына байланысты бүгінгі күні министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп келіп түскен материалдарды талдап жатқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде тиісті ұйымдарда дербес деректер мен оларды қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға