Жаңалықтар

Қазақстандықтардың табысы 17 пайызға ұлғайды

Өткен жылдың үшінші тоқсанында халық табысы 245,5 мың теңгеге жетті
Қазақстандықтардың табысы 17 пайызға ұлғайды
Фото: atr.kz 09.01.2023 12:20 1203

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың табысы артты. Оның ішінде табыстың 76% еңбекке жарамды жандарға тиесілі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында халық табысы 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық.

Өңірлер бойынша жоғары табыс елорда халқына тиесілі. Астаналықтар жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңге жалақы алады.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық.

Екінші орында Қарағанды облысы - 332,3 мың теңге, демек 21,4% өсім бар.

Көшбасшылардың үштігін ШҚО түйіндеп тұр. Аталған өңірде жалақы 312,7 мың теңге, жылдық өсім - 31,8%.

Ең аз табыс Түркістан облысында байқалып отыр. Жан басына шаққанда небәрі 156,4 мың теңге.

Бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,6%-ға жоғары, алайда еліміз бойынша орташа көрсеткіштің үштен бірінен аз.

Қазақстандықтар табыстың көп бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен алды - 180,4 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.

Оның ішінде 157,2 мың теңге - жалдамалы жұмыстан түскен табыс.

Сонымен қатар дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс - 23,2 мың теңге.

Әлеуметтік трансферттер бір жылда небәрі 3,3%-ға, 55,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Оның ішінде 44,8 мың теңге зейнетақы, 9,1 мың теңге жәрдемақы, 1 мың теңге стипендия, 239 теңге АӘК (атаулы әлеметтік көмек) және тұрғын үй көмегін құрады.

Одан бөлек, елімізде туыстары мен таныстарынан материалдық көмек және алимент 6,2%-ға, яғни 5,5 мың теңгеге дейін өсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға