Жаңалықтар

Қазақстандықтардың орташа жасы белгілі болды

Қазақстандықтардың орташа жасы белгілі болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.09.2023 21:43 700

Қазақстандықтардың орташа жасы 2023 жыл басына 32,1 жас. 2018 жылдан бастап орташа жас болмашы артқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған. Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас.

Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас,ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға