Қазақстандықтардың меншігінде қанша яхта мен ұшақ бары белгілі болды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
12.09.2023 09:16
631
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтардың 490 жеке яхтасы мен 248 ұшағы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай мәлімет "Ашық НҚА" порталында жарияланған Салық кодексі жобасына қатысты консультативтік құжатта келтірілген
Қазақстанда яхталар мен жеке ұшақтар шектеулі адамдар меншігінде ғана бар екені айтылған. Осылайша, 490 яхта жеке тұлғаларға, 176-сы заңды тұлғаларға тиесілі; ұшақтардың 248-і жеке тұлғаларға, 665-і заңды тұлғаларға тиесілі, - делінген Ұлттық экономика министрлігі жариялаған құжатта.
Айта кетейік, сән-салтанат тауарларына салық салу 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азиада: Өзбекстан бокс құрамасын жариялады