Жаңалықтар

Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды

Бұл туралы СІМ мәлім етті
Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды
Фото: gov.kz 09.02.2023 09:35 2424

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12 391 адамға жетті.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды. Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше қазақстандықтың хабарсыз кеткені туралы жазған едік.

Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына жетті. Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. 

Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға