Жаңалықтар

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі 24,1 трлн теңгеге жетті

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі 24,1 трлн теңгеге жетті
Фото: ©El.kz/Мади ИСКАКОВ 28.01.2025 08:31 578

Қазақстандықтардың несие портфелі жыл санап артып келеді. 2025 жылдың 1 қаңтарында жеке тұлғалардың кредиттік ұйымдар алдындағы жалпы берешегі 24,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Kazinform-ның жазуынша, бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров жалпы несиелердің 90 пайыздан астамы кепілсіз тұтынушылық, ипотека және автонесиеге тиесілі екенін атаған. 

Кепілсіз тұтынушылық несие: Қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 трлн теңгеге жетті (бір жылдағы өсім +22,9 пайыз).

Ипотекалық несие: Бір жылда 14,1 пайызға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн теңге болды.

Келісімшарттар саны: 9,9 пайызға артып, 627,6 мыңға жетті.

Қарыз алушылар саны 10,3%-ға өсіп, 600 мың адамға жетті. Жыл басындағы орташа қалған қарыз 10,6 млн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артық,– деді Руслан Омаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға