Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 650 млн теңгесін иемденген алаяқтар ұсталды

Қазақстандықтардың 650 млн теңгесін иемденген алаяқтар ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 19.09.2024 09:06 390

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады.

Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған. Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға