Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 10 пайызы ғана 5G желілік ғаламторын қолданады

Қазақстандықтардың 10 пайызы ғана 5G желілік ғаламторын қолданады
Фото: inbusiness.kz 26.12.2022 16:45 2053

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше Қазақстанда 24 млн абонент бар. Олардың 10 пайызы 5G жиынын қолданады.

«2021 жылы Түркістанда желінің жылдамдығын тексеру мақсатында 5G желісінің пилоттық зонасы іске қосылды. Желі ешқандай мәселе тудырмай, жоғары жылдамдықпен жұмыс істегенін айта кету керек. Жыл сайын елімізде тарифтерді қолдану белсенділігі 20-30 %-ға артып отырады. Дегенмен, соңғы 3 жылда Қазақстанда тарифтердің бағасы өзгермеді. Қазіргі таңда 5G интернет желісін жүзеге асыруға 82 млрд теңге жұмсалуда. Келесі жылы 5G желісін барша қазақстандық қолдана алады. Тіпті, елді-мекендер мен ауылдық жерлерге де орнату қарастырылып жатыр», - деді «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Узбеков.  

2023 жылдан бастап еліміздің барлық өңірінде 5G жоғары жылдамдықты интернет желісі қолжетімді болатынын және тарифтің бағасы әлі бекітілмегенін атап өтті.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға