Қазақстандықтар Тель-Авивтен 10 қазанда ұшып кете алады

Air Astana қазақстандықтарды елге қауіпсіз жеткізу мақсатында Тель-Авивтен рейсті орындауға Тель-Авив әуежайымен рұқсаттарды үйлестіріп жатыр.
Тель-Авивтен Алматыға рейс 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де ұшады деп жоспарлануда. Тасымалдауға кез келген күнге авиабилеттері бар жолаушылар қабылданады. Бір жолаушыға 8 кг-ға дейін бір қол жүгі және 20 кг-ға дейін бір тексерілген жолжүк рұқсат етіледі.
Авиабилеттері жоқ қазақстандықтар ҚР Елшілігі арқылы арнайы тариф бойынша сатып ала алады. Жолаушылар тізімін Қазақстанның Израильдегі елшілігі де телефон арқылы жасайды: +972 (3) 741 78 05, +972 55 273 3813, +7 700 111 31 96, - делінген мәліметте.
Компания мәліметінше, жолаушылар Тель-Авив әуежайына ұшудан бес сағат бұрын келуі керек.
Отанына ұшқысы келетін Израиль азаматтары ертеңгі рейсті Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша пайдалана алады. Рейстің ұшуы Алматы уақыты бойынша сағат 08.00-ге 10 қазанға жоспарланған. Жолаушылар тізімін Израильдің Қазақстандағы елшілігі нөмірлер бойынша қалыптастырады: +77171703405, +77172703407, +77172703423, - делінген мәліметте.
