Қазақстандықтар "QosLike" пен "Қалаулымға" тыйым салуды талап етіп жатыр
Қазақстанда "QosLike және "Қалаулым" сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Петицияның негізгі мақсаты - хайп пен рейтингті көтеру үшін жағымсыз эмоция сыйлайтын бағдарламаларды жабу. Сондай-ақ эфир барысында түрлі келеңсіз әрекеттер мер жанжал болатыны айтылған.
Аталмыш бағдарламалар қазақ отбасындағы салауатты қарым-қатынас нормаларына, адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын жағымды идеялар жоқ, - делінген мәтінде.
Петиция авторы Серік Әбішов мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын алға тартады.
Бұл петицияны 600-ден аса адам қолдап үлгерген. Петиция кеше сағат 17:53-те жарияланған.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев «Қалаулым», «Бір болайық» секілді ток-шоуларды жабу жөнінде бастама көтергенін жазған едік.