Жаңалықтар

Қазақстандықтар қол күресінен әлем чемпионатында 116 медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар қол күресінен әлем чемпионатында 116 медаль жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 29.08.2023 10:40 1241

Алматы қаласында қол күресінен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар, ардагерлер арасында әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, осымен 44-рет ұйымдастырылып отырған жарыстың алғашқы күндері кадеттер, жасөспірімдер, жастар арасында бақ сынаған отандастарымыз 58 алтын, 38 күміс, 20 қола медальді қанжығаға байлады.

Қазақстандықтар қол күресінен әлем чемпионатында 116 медаль жеңіп алды

Атап айтсақ, кадеттер арасында еліміз 16 алтын, 14 күміс, 7 қола жүлдені жеңді. Ал жасөспірімдер арасында 26 алтын, 9 күміс, 8 қола, сондай-ақ жастар арасында 16 алтын, 15 күміс, 5 қола медаль иеленді.

Қазақстандықтар қол күресінен әлем чемпионатында 116 медаль жеңіп алды

Турнирге 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысуда. Ел намысын 256 атлет қорғап жатыр. Байрақты бәсеке 3 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстандықтар қол күресінен әлем чемпионатында 116 медаль жеңіп алды

Қол күресінен жастар арасында сынға түсіп, 60 келіде сол қолдан әлем чемпионы атанған қазақстандық Бекжан Қожантай:

Бүгінгі бәсеке ойдағыдай өтті. Бұл мен үшін жауапты жарыс болды және онда кәсібилігім мен төзімділігімді дәлелдеуім керек болды. Намысқа тырыстым. Барлық спортшылардың дайындығы өте мықты екен және жақсы нәтиже көрсетті. Мені дайындаған және қолдаған жаттықтырушыларым мен мұғалімдеріме алғысым шексіз, - деп жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға