Жаңалықтар

Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады

Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Фото: ©Pixabay.com 12.12.2024 04:40 315

2024 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда жемістерді тұтыну көлемі айтарлықтай артып, жан басына шаққанда орта есеппен 29 кг (тоқсанына) құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен (27,5 кг) салыстырғанда 5,4% артық. Қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 31,2 кг, ауылдық жерлерде - 25,4 кг.

Өңірлік бөліністе жемістердің ең көп мөлшерін Астана тұрғындары тұтынған – жан басына шаққанда 37 кг. Тізім басында сондай-ақ Қызылорда және Жамбыл облыстары да бар, онда бұл көрсеткіш әрқайсысында 36 келіден, жемістерді аз тұтынатындар Маңғыстау (19,7 кг) және Абай облыстарында (16,5 кг).

Жемістердің ішінде 2024 жылдың үшінші тоқсанында қарбыз көп тұтынылды - жан басына шаққанда/тоқсанына 11,3 кг. Екінші және үшінші орындарда алма мен қауын, сәйкесінше 3,7 кг және 2,8 кг. Сондай-ақ тұтыну көлемі бойынша өрік (жан басына шаққанда 1,4 кг/тоқсанына), банан (1,3 кг) және жүзім (1,1 кг) көп болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға