Қазақстандықтар қай жемісті көбірек сатып алады

2024 жылдың IV тоқсанында Қазақстанда жемістерді тұтыну көлемі айтарлықтай артып, жан басына шаққанда орта есеппен 18 кг (тоқсанына) құрады. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% жоғары (17,2 кг), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қалалық жерлерде жемістерді тұтынудың орташа көрсеткіші 19,5 кг болса, ал ауылдық жерлерде 15,5 кг құрады.
Өңірлік бөліністе жемістердің ең көп мөлшерін Алматы тұрғындары тұтынған – жан басына шаққанда 23,6 кг.Үздік үштікке Астана (23,3 кг) және Солтүстік Қазақстан облысы (20,8 кг) енді. Жемістерді ең аз тұтынған аймақтар Абай облысы (13 кг) және Шымкент қаласы (12,3 кг) болды, - делінген мәліметте.
Жемістердің ішінде 2024 жылдың IV тоқсанында алма көп тұтынылды - жан басына шаққанда/тоқсанына 4,6 кг. Екінші және үшінші орындарда банан (1,6 кг) және мандарин (1,5 кг) жемістері орналасқан. Сондай-ақ жүзім (1,3 кг) және хурма (0,8 кг) жемістерін де айтарлықтай тұтынылған.
