Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
01.03.2024 09:41
1240
Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы айда екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және әз-Наурыз мейрамы бар.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн қатарынан демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз - демалыс, 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.
Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, 21-24 наурыз аралығында демалады.
Бөлісу:
