Қазақстандықтар мемлекеттен 116 мың теңге алатыны рас па?
Бұл туралы Отбасы банк мәлім етті
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz
01.02.2023 21:25
1040
Желіде мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатындығы туралы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Отбасы банкіне сілтеме жасап.
«Алаяқтар Қазақстанның әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп хабар таратуда. Қаскөйгер өздері жіберген сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа «сәлем» сөзін жіберуді сұрайды екен. Бұл жалған ақпарат», - делінген банктің хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Биыл 3 мұнай өңдейтін зауыт жөндеуден өтеді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті