Қазақстандықтар мамырда жарты айға жуық демалады

Фото: freepik.com
Фото: freepik.com
07.04.2025 15:43
151
Мамыр айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл айда үш ресми мереке жұмыс күндеріне сәйкес келеді, деп хабарлайды Finratings.kz.
Мамыр – демалысқа ең бай айлардың бірі. Биыл мерекелердің ешқайсысы сенбі-жексенбіге түспейді және оларды ауыстыру да қарастырылмаған. Яғни, демалыс күндері сол күйінде сақталады.
Мерекелік күндер:
•1 мамыр, бейсенбі – Қазақстан халқының бірлігі күні;
•7 мамыр, сәрсенбі – Отан қорғаушылар күні;
•9 мамыр, жұма – Жеңіс күні.
Осылайша, бес күндік жұмыс кестесімен жүргендер мамырда 12 күн демалады.
Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айда 7 күн демалыс қарастырылған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жасанды интеллект әлеміндегі соңғы жаңалықтар
Келесі жаңалық
Ақмолада ауыл тұрғындары көлік қатынасынсыз қалды