Жаңалықтар

Қазақстандықтар Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр

Қазақстандықтар Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр
Фото: t.me/mazhilis_kz 27.12.2023 13:07 1427

Қазақстан азаматтары Алматы облысының жастар саясаты басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Мәди Ахметовті қызметінен босатуды талап етіп, петиция жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол «қазақ жастарының атынан» Алматыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды. Назарбаевтың өзі ескерткіштен бас тартты. Кейін Мәди Ахметов президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды, деп жазды петиция авторы «Alash»  сайтында.

Бұған дейін желіде "Ахметовты армияға жіберу керек" деп петиция жариялап, мыңдаған адам қол қойып үлгергені белгілі. Қорғаныс министрлігінің орынбасары мен департаментінің өкілі экс-депутат Мәди Ахметов әскерге неге шақырылмағаны туралы айтып берді.

Айта кетейік, бұрынғы мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға