Қазақстандықтар көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуі керек
Фото: standard.kz
Фото: standard.kz
13.03.2023 10:07
3148
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы калькулятор көмегімен немесе "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.
Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген салықтың сомалары мобильді қосымшалар арқылы PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.
Есептелген салық сомаларын "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Электронды сервистер"→"ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы көруге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға