Жаңалықтар

Қазақстандықтар байдарка және каноэде есуден финалға үш жолдама иеленді

Қазақстандықтар байдарка және каноэде есуден финалға үш жолдама иеленді
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 01.10.2023 14:22 712

Қытайда өтіп жатқан Азия Ойындарында қазақстандық байдарка және каноэ шеберлері финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

200 метр қашықтыққа каноэде есуден Мария Бровкова 52.530 уақытпен іріктеу кезеңінде 1-орын алып, финалға шықты.

500 метр қашықтыққа байдаркада есуден Анастасия Березовская 2:06.783 уақытпен 2-орын алып, финалға өтті.

500 метр қашықтыққа байдаркада есуден ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы ( Игорь Ряшенцев, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий, Бекарыс Раматулла) 1:28.922 уақытпен 3-орын алып, финалға жолдама алды

Ал финалдық сын 3 қазан күні өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға