Жаңалықтар

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды
Фото: Коллаж El.kz 12.07.2024 12:19 890

Орта стастикалық қазақстандық биылғы жылдың алғашқы тоқсанында азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға 131,3 мың теңге жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,7% көп. Finprom.kz жазуынша, былтыр алғашқы тоқсанда қазақстандықтан азық-түлік пен сусынға орташа есеппен жан басына шаққанда 123,1 мың теңге жұмсаған. Жылдық өсім 21,1% құрады.

Тамақ пен сусынға ең көп ақша жұмсайтын Алматы қаласы болып шықты. Онда бірінші тоқсанда жан басына шаққанда 181,5 мың теңге тамаққа жұмсалған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7% көп. Республикадағы орташа мәнмен салыстырғанда алматылықтар тамаққа 38,2% көп ақша кетірген.

Екінші және үшінші орында Шығыс Қазақстан (152,1 мың. тг, плюс 4,1%) және Маңғыстау облыстары (146,7 мың. тг, плюс 6,7%) тұр. 

Тамаққа ең аз ақша жұмсаған Қызылорда (жан басына шаққанда 104,6 мың. тг), Ақтөбе (106,4 мың тг), Түркістан (110,4 мың тг) облыстарының тұрғындары болып шықты. 

Ең үлкен жылдық шығын Жетісу облысында (19,8%, жан басына шаққанда 141,3 мың тг дейін), ең азы Ақмола облысында (1,2%, 112,4 мың тг дейін) тіркелген. 

Қазақстандықтар азық-түлік пен сусындарға кеткен ақшаның үштен бірін ет пен ет өнімдеріне жұмсаған: жан басына шаққанда 43,3 мың теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,4% көп.

Нан мен жарма өнімдеріне (адам басына 20,5 мың тг, жылына плюс 8,6% ), сүт өнімдеріне (14,5 мың тг, плюс 7,7%) де көп шығын кеткен. Бестікті жеміс-жидектер (жан басына шаққанда 11,6 мың тг) мен көкөністер (8,9 мың тг) түйіндеп тұр. 

Қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге қазақстандықтар орташа есеппен бір тоқсанда адам басына шаққанда 8,7 мың теңге, майға — 6,7 мың тг, балық пен теңіз өнімдеріне — 5,9 мың тг, алкогольсіз сусындарға — 5,8 мың тг, жұмыртқаға — 3,3 мың тг жұмсаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға