Жаңалықтар

Қазақстандықтар аты-жөнінен бұрын ЖСН алатын болады

Қазақстандықтар аты-жөнінен бұрын ЖСН алатын болады
Фото: GOV.KZ 24.01.2024 11:20 1006

Мәжіліс байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмас үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделген.

Заң жобасы 19 заңнамалық актіге, оның ішінде 6 кодекске және 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, атап айтқанда:

- байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына, сондай-ақ жиіліктерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары шеңберінде байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау;

- Қазақстанның автожолдарында телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуі үшін инфрақұрылым құру;

- цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде байланыс қызметтерін субсидиялау;

- мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдалану, орман ресурстары және экология сияқты салаларда мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыруы кезінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін қолдану бойынша нормаларды бекіту;

- жаңа туған баланың дербес деректерін жоғалту тәуекелдерін болдырмау мақсатында бала туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру;
- В2В өзара іс-қимыл шеңберінде тараптардың келісуі бойынша шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаларды тану тәртібін айқындау;

- инновациялық жобаларды сынақтан өткізу үшін эксперименттік режим деп аталатын инновациялық қызметті қолдау құралын енгізу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға