Жаңалықтар

Қазақстандықтар әскерге шақыру жасын көтеруді ұсынды

Қазақстандықтар әскерге шақыру жасын көтеруді ұсынды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 12.09.2024 15:43 1054

Қазақстандықтар мерзімді әскери қызметке шақыру жасын көтеруді ұсынды. Тиісті петиция ePetition.kz ресми порталында пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Петиция авторлары әскерге шақыру жасын 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді ұсынады.

18 жастағы жастар Отан қорғауға жеткілікті дайын болмайды. Ал 20 жастан асқаннан кейін олар психологиялық әрі физикалық жағынан дайын. Сонымен қатар жастағы біраз жастың білім алып жатыр. Бұл жаста әскерге шақыру олардың білім алу үдерісін үзіп, болашақ мансаптарына және кәсіби өсуіне теріс әсер етуі мүмкін, - дейді петиция авторлары.

Петицияға қол қойғандар әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің жақсаруына, жастардың мүддесін қорғауға және еліміздің қорғаныс жүйесіне оң өзгерістер әкелетініне сенімді.

Швеция, Германия, Швейцария және Австрия елдерінде де шақыру жасы 19-20 жастан басталады. Мұндай жастағы шақырылушылар физикалық және моральдық жағынан жақсырақ дайын. Бұл армияның жауынгерлік дайындығы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Бұл жастардың өмір сүру сапасын жақсартып, елдің қауіпсіздігін арттыру үшін шақыру жасын реформалаудың керегін көрсетеді, - дейді петиция авторлары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға