Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогінде көш бастады

Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы Еуропа кубогінде көш бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз:
ҚазАқпараттың мәліметінше, 29-30 шілде күндері Германия астанасы Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогіне дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы қатысты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады.
Турнир жеңімпаздарының тізімі келесідей:
1-орын: Аман Бақытжан (60 кг) – алтын,
1-орын: Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) – алтын,
1-орын: Максим Мейірлан (81 кг) – алтын,
2- орын: Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг) – күміс,
2-орын: Аружан Ережепова (52 кг) – күміс,
2-орын: Жалғас Хайрулла (81 кг) – күміс,
2-орын: Құдірет Досымов (90 кг) – күміс,
2-орын: Карина Такиева (+78 кг) – күміс,
3-орын: Жанарыс Рахметқали (66 кг) – қола,
3-орын: Нұржан Бисенов (81 кг) – қола.
Айта кетейік, Еуропа кубогіне барлығы 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.
