Қазақстандық велоспортшы 24 жасында көз жұмды

Фото: Kazakhstan Cycling Federation
Фото: Kazakhstan Cycling Federation
18.05.2023 09:21
1188
24 жасында қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өзінің спорттық мансабында Дінмұхамед тасжолдағы велоспорт бойынша Азия чемпионатын жеңді, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ бірнеше рет ұлттық чемпионатта жүлдегер болды.
Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Дінмұхамед Ұлысбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның өмірден өтуі – бүкіл велосипедшілер қауымдастығы үшін ауыр қаза, - делінген федерация таратқан мәліметте.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды