Жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық үш боксшы әлем чемпионатында топ жарды
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 04.12.2023 13:08 1376

Бокстан Армения астанасы Ереванда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қызымыз топ жарды. Бұрын-соңды қазақстандық қыздар үш алтынды қоржынға салмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірім боксшы қыздар арасындағы әлем чемпионатында Аяжан Сыдық 54 келіде үздік шықты. Ол финалда үнді қызы Амиш Керкеттаны жеңсе, 60 келіде Толғанай Қасымхан әлем чемпионы атанды. Ол финалда ресейлік Кира Леоновадан басым түсті.

Қоржынға үшінші алтынды 66 келіде Айсұлу Мұхит салды. Ол ақтық сында румыниялық Амалиа Тугуйден айласын асырды.

Бұдан бқлек Сила Биболсынқызы (48 келі), Гауһар Зарден (50 келі), Айша Сариева (52 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Құралай Егінбайқызы (80 келі) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға