Қазақстандық теннисшінің ойынын тамашалауға Зинедин Зидан келді

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
31.07.2024 19:44
737
Париж Олимпиадасында қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жарысты аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша отандасымыз Олимпиада ойындарының 1/4 финалына шыға алмады. Үстел теннисінен сынға түскен ол Мысыр өкілі Омар Ассадқа 2:4 (11:8, 11:6, 10:12, 10:12, 9:11, 3:11) есебімен есе жіберді.
Айта кететін жайт, Герасименконың ойынын атақты әлемнің футболшысы Зинедин Зидан тамашалаған болатын. Алайда отандасымыз сын сағатта өз шеберлігін көрсете алмады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада оқушыларға арналған этно-лагерь ұйымдастырылды
Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады